Жедел штабтың хабарлауы бойынша, 18 сәуір сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"42, 32, 37, 38 жастағы төрт ер адам мен 34 жастағы әйел алдын ала ақылдасып, құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған", - делінген хабарламада.
Олардың үстінен ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу