Атырауда бойжеткен көпірден секіріп кетті

571

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оны судан шығарып үлгерді. 

Атырауда бойжеткен көпірден секіріп кетті Фото: AtyrauPress

Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 26 сәуір күні сағат 15:50-де байланыс бекетіне қаладағы жаяу жүргіншілер көпірінен Жайық өзеніне белгісіз адамның секіруге әрекет жасағаны жөнінде полиция қызметкерлерінен шақырту түсті.

“Құтқарушылар дереу оқиға орынан жеткен кезде белгісіз адамның көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткендігі анықталды. Полиция қызметкерлері суға секірген бойжеткенді құтқарушылар келгенге дейін су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар жүзу құралы арқылы полиция қызметкерін және құтқарылған бойжеткенді жағаға жеткізді. Осылайша құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді аман алып қалды”, - делінген хабарламада.

2000 жылы туған бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД 3 қызметкері, 1 бірлік техника, "Апаттар медицина орталығының" 3 қызметкері, 1 бірлік техника, Полиция департаментінен 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу