Атырауда бойжеткенді көлікке күштеп мінгізген жігіт қамауға алынды

177

Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылды.

Атырауда бойжеткенді көлікке күштеп мінгізген жігіт қамауға алынды Фото: видео скриншот

Бұл туралы Телеграм арналардың бірінде видео тарады. Кейін аталған деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік желіде таралған видеоға байланысты автокөлікке әйелді күштеп мінгізген 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылып, қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алайда аталған дерекке байланысты полицияға 22 жастағы бойжеткеннен шағым түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу