Қолға түскен күдіктілердің қос бірдей көлігінен 364 дана киік мүйізі тәркіленген. Сонымен қатар, браконьерлерден еш жерде тіркелмеген аңшылық мылтығы мен 4,5 калибрлі "Байкал МР-512" маркалы қару табылған. Қазір олардың басқа да қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл өңірде сирек кездесетін және жойылып кетуі мүмкін жануардың заңсыз айналымына қатысты тіркеліп отырған екінші жағдай. Өткен аптада қылмыскерлерден 140-қа жуық киік мүйізі табылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу