Атырауда браконьерлік фактілер бойынша бірнеше іс қозғалды

620

Заңсыз айналымнан 7 тонна 394 кг балық, оның ішінде 688,5 кг бекіре тұқымдас балығы және 21 кг шортан уылдырығы тәркіленді.

Атырауда браконьерлік фактілер бойынша бірнеше іс қозғалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың төрағалығымен браконьерлікпен күрес және балық қорын қорғау туралы мәселелеріне қатысты жиын өтті, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында баяндама жасаған Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Мәншүк Темешованың айтуынша, 2022 жылдың 7 айында облыс аумағында өткен шаралар арқылы инспекция қызметкерлері балық қорғау заңнамасын бұзудың 1 242 дерегі анықталған. Осы кезеңде 679 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 146 іс әкімшілік сотқа жолданған. Тәртіп бұзушыларға 15,1 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Мемлекет кірісіне 11,7 млн теңге өндіріліп, айыппұлдан жалтарғандардың ісі жеке сот орындаушылар құзырына жіберілген.

 

 – Балық ресурстарына келтірілген залалдың браконьерлік фактілері бойынша 5 іс құқық қорғау органдарына жолданды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, балық ресурстарына келтірілген залалды өтеу үшін 15 талап арыз сотқа берілді. Заңсыз айналымнан 7 тонна 394 кг балық, оның ішінде 688,5 кг бекіре тұқымдас балығы және 21 кг шортан уылдырығы алынды. Құқық бұзушылардан 581 балық аулау құралы, бір навигатор мен эхолот, сондай-ақ 118 жүзу және 11 көлік құралы алынды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп балық қорғау заңнамасының 44 бұзушылығы анықталды, Жайық-Каспий бассейнінің аумағында 5 бірлескен тікұшақ ұшырылып, бірқатар басқа да рейдтік іс-шара өткізілді. Мәселен, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында батыс облыстардың аумағында жыл сайынғы кең ауқымды "Бекіре" балық қорғау акциясы аясында 1231 құқық бұзушылықты анықталды, 54 қылмыстық іс қозғалды, 19,7 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 21,3 тонна балық алынды, оның ішінде бір тонна 852 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 2 760 бірлік балық аулау құралдары және 140 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді, – деп баяндады М.Темешова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу