Атырауда букмекерлік кеңселердің саны спорттық нысандардан көп

1298

Атырауда букмекерлік кеңселердің саны спорттық нысандардан көп

Атырауда 37 спорттық кешен, 41 букмекерлік орталық жұмыс жасайды. Спорттық нысандарға қарағанда жылдан-жылға букмекерлік кеңселердің саны артып отыр, деп жазады atpress.kz.

Күрделі мәселемен күрес жөнінде облыс әкімдігінде болған жиында ұсыныстар айтылды. Жиын барысында Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпанов букмекерлік орталықтарды түгелімен Қапшағайға көшіру туралы пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, қазір облыста 37 спорттық нысан бар. Олардың 18-і спорттық кешен, 11-і дене шынықтыру мектебі және сегізі спорттық клубтар. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 41 букмекерлік кеңсе жұмыс істейді екен.

"2007 жылы Елбасының жарлығымен казинолар жабылып, Қапшағайға және Бурабайға көшірілді. Сол тәжірибе негізінде облыстағы букмекерлік орталықтарды да жабуға немесе алыс өңірлерге орналастыруға Парламент Мәжілісіне, Үкіметке облыс жастарының ұсынысын жеткізгім келеді", – деді Еркін Шпанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу