3 желтоқсан таңертең букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық жасалды деп хабарлама берген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 шамасындағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды",- делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері 25 жасар қала тұрғынын ұстады. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу