Жайық өзенінде Яна Легкодимованы іздеу жұмыстары 20 наурызда қайта басталды. Содан бері сүңгуірлер су астында 138 рет барлау жасап, 21 мың 070 шаршы метр аумақты қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, өзеннің 3,4 шақырымдық бөлігінде тралдау жұмыстары жүргізілді.
Яна Легкодимова 2001 жылы дүниеге келген. Ол 2024 жылғы 18 қазан күні түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Бұған дейін Атырауда бойжеткенді Жайық өзенінен іздеу 44 күннен кейін тоқтатылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу