Атырауда далалық жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты

116

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға қаруды пайдалану барысында жіберілген абайсыздық салдарынан болған.  

Атырауда далалық жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты Фото: Владимир Третьяков

Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде өткен жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, кейін ауруханада көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әскери қызметші дереу облыстық әскери госпитальға жеткізіліп, дәрігерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Алайда мамандардың барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнын тексеру үшін Қорғаныс министрінің орынбасары жетекшілік ететін арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауына алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу