Атырауда дәрігерлер нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінді

2004

Перзентханаға келген жедел тергеу тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Атырауда дәрігерлер нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Гиппократтың антына адал болуды уәде еткен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді. Тексеру нәтижесінде анықталғанындай, жаңа туған бала дәрігерлердің қателігі салдарынан құжат бойынша өлі туғандардың қатарына енгізіліп кеткен. Шынтуайтында ол тірі болған. Бірақ баланың тірі екенін білген дәрігерлер оны оңалту амалдары бойынша шұғыл шараларды қабылдаудың орнына ресімделген құжат бойынша шетінеп кеткенше мұздатқызшта қалдырған. Дәрігердің бұлай етуіне басты себеп – толтырылып қойған құжат. Ол түзетілмеген", – деді Шыңғыс Қабдолла елордадағы баспасөз мәслихаты.

Перзентханаға бірден келген жедел тергеу тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған. "Шақалақтың денесі тоңазытқыш камерасынан табылды. Уақыт бойынша үлгере алмай қалдық. Сот санкциясымен күдіктілер тұтқынға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Перзентхана орталығының басшысы мен әйелді босандырған акушер-гинекологтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әу баста аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Алайда істің мән-жайы анықталғаннан кейін аталған екі адамға тағылған айып ҚР ҚК 99-бабына (қасақана кісі өлтіру) өзгертілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу