Дәрігер қабылдауына келген әйел нәрестесін емізіп отырғанда, кенеттен сәбидің тынысы тарылған. Өмір мен өлім арасындағы арпалысқан сәбиге дәрігерлер дереу көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Невропатолог апноэ ұстамасын бірден анықтап, нәрестеге оттегі терапиясын қолданды. Яғни, ауыз қуысына санация жасап, құрсақтағы қысымды жеңілдету үшін газ шығару түтікшесін қойған. Нәтижесінде, сәбидің біртіндеп тынысы қалпына келіп, сатурациясы 74-тен 84%-ға дейін көтерілді, – деп хабарлады Атырау қаласының ДСБ баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Енді ол дәрігерлер бақылауында болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу