Атырауда дәрігерлерге сот үкімі шықты

1290

Сот оларды кінәлі деп тапты.  

Атырауда дәрігерлерге сот үкімі шықты

Атырауда 2019 жылғы 4 қазанда ұсталған облыстық перинатальдық орталық дәрігерлеріне байланысты сот үкімі шықты.

Еске сала кетсек, оларға жаңадан туған нәрестені қателесіп тоңазытқышқа салды және тіршілік белгісін білдіргенін біле тұра құтқаруға тырыспады деген айып тағылған еді. Сот оларды "жаңа туған баланы алдын-ала сөз байласу арқылы өлтіргені" үшін кінәлі деп тапты. Сөйтіп, перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа 18 жыл, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға 16, акушер Жамила Құлбатыроваға 15 жыл берілді. Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамедов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім шығарғанда олардың мамандығына адалдық танытпай, "Гиппократ антын" бұзғаны жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылған. Айта кетейік, прокурор Нысанбаевты 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу