Атырауда дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті

172

Өңірде кешелі бері дауыл тұрып, қатты жел әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кеткен.

Атырауда дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті Фото: t.me/zakonkz_kaz

Төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алмагүл ықшамауданындағы 31-үйдің шатыры ұшып кеткен. Ал Индер ауданының тұрғындары жарықсыз қалған. 

Атырау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 14 желтоқсанға қараған түні ауа райының күрт нашарлап, күшті дауыл соққан.

Метеорологиялық қызметтердің мәліметінше, желдің екпіні 25 м/с-тан асты. 

– Қазіргі кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары басқаратын жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті және аудандық мемлекеттік қызметтер жоғары дайындық режиміне қойылды, – деп хабарлады департаменттен. 

Сондай-ақ, желден электр желілері үзіліп, істен шыққан.  

– Облыс бойынша 25-тен астам бригада мен 40 техника жұмылдырылды. Электр желілерін жөндеу бойынша "Атырау Жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істеп жатыр, – деп қосты департаменттегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу