Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнынан кетті

594

Ол жауапты қызметте жарты жыл ғана жасаған.  

Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнынан кетті

Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен қызметінен кетті.

"Нұрлыбек Қабдықапаров Атырау облыстық денсаулық сақтау саласына алты ай көлемінде жетекшілік жасап, қазан айының 1-інен бастап қызметінен өз еркімен кетті", - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Облыстың денсаулық сақтау саласын короновирус инфекциясы күшейген тұста басқарған Нұрлыбек Рысқалиұлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына атсалысқанын айта кету керек. Қазір басқарма басшысының міндетін атқару уақытша оның орынбасары Асхан Байдуәлиевке жүктелген. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында да денсаулық сақтау басқармасын бар-жоғы екі ай басқарған Самат Данияров осы айдан бастап өз еркімен қызметінен кеткен. Оған білікті дәрігердің денсаулық жағдайының сыр беруі себеп болыпты. 21 қыркүйек күні жүрек талмасы ұстаған Данияров қазір емделіп жатыр екен. Оның орнында орынбасары Айгүл Дүйсенбаева уақытша басшылық етуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу