Атырауда деструктивті дін өкілінен есірткі тәркіленді

470

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

Атырауда деструктивті дін өкілінен есірткі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 сәуір күні сағат 22:15 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 23 жастағы бұрын сотталған деструктивті діни ағым ұстанушысының үйінің ауласын тексеру барысында 90,2 грамды құрайтын марихуана есірткі затын тәркіледі.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу