Атырау облысында жыл басынан бері дрондардың көмегімен қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 450 дерегі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай заң бұзушылықтар Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық маңызы бар тасжолында тіркелген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес 450 әкімшілік хаттама толтырылған.
– Атырау облысында жол қозғалысын бақылау үшін дрондар қолданылуда. Бақылау барысында Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды. Құқық бұзушылық дрон камерасына түсіп, жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданды, – делінген хабарламада.
Бүгінде өңірде тасжолдардағы жол қозғалысын бақылайтын үш дрон жұмыс істейді.