Атырауда дүкеннің шатыры толығымен жанып кетті

543

Жалынның салдарынан 800 шаршы метр жер жанып кетті.

Атырауда дүкеннің шатыры толығымен жанып кетті Фото: Атырау ТЖД Баспасөз қызметі

Атырауда әмбебап дүкеннің шатыры толығымен жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Өрт бүгін, 22 маусымда жергілікті уақытпен сағат 13:04-те тұтанған.

"Атырау қаласының Ғ.Абдрахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен түтін шыққаны бойынша шақырту түсті. Өрт өндіру бөлімдері шақырту орнына жеткен кезде әмбебап дүкеннің төбе жабындысы жанғаны белгілі болды. Жалынның салдарынан 800 шаршы метр көлемінде төбе жабындысы жанып кетті. Өрт сағат 14:27-де оқшауланып, сағат 14:45-те толық сөндірілді", - делінген хабарламада.

Дүкендегі өртті сөндіру үшін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен, "Семсер – Өрт сөндіруші" ЖШС, "СКЭБР", "Атма Аэропорт" АҚ және "Апаттық медицина орталығы" мекемесінен 53 адам, 13 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу