Атырауда дзюдодан Қазақстанның аралас командалық чемпионаты аяқталды

999

Алматы қаласының құрамасы аралас командалық чемпионаттың жеңімпазы атанса, Қызылорда жастар құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал Қостанай облысы мен Жамбыл облысының жастары қоланы қанағат тұтты.

Атырауда дзюдодан Қазақстанның аралас командалық чемпионаты аяқталды

Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының аралас командалық чемпионаты аяқталды. 1999-2000 жылдары туған жастар арасында өткен жарысқа 16 команда қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтқанда, Қостанай облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО, Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Астана қаласы, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Алматы қаласы, Атырау облысы, Түркістан облысы және БҚО жастар құрама командалары біріншілік жүлдесіне таласты. 

Нәтижесінде, Алматы қаласының құрамасы аралас командалық чемпионаттың жеңімпазы атанса, Қызылорда жастар құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал Қостанай облысы мен Жамбыл облысының жастары қоланы қанағат тұтты.

Жастар арасында өтіп жүрген Қазақстан Чемпионатында аралас командалық жарыс бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда қыздар -57 кг, -70 кг, +70 кг, ал ұлдар -73 кг, -90 кг және +90 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Аралас командалық чемпионаттының шешуші ақтық финалында Алматы қаласы мен Қызылорда облысының құрама командалаы арасында жарыс өте тартысты өтті. Алматы құрамасының жастары қарсыластарын 1:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

Қола жүлде үшін өткен күресте Жамбыл облысының жампоздары қарсыластары Алматы облысының құрамасын 2:4 есебімен жеңсе, 1:4 есебімен жеңіске жеткен Қостанай облысының жастар құрама командасы БҚО спортшыларынан мықты екендерін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу