Атырауда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

821

Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. 2 наурыз күні басталған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде иеленген Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу