Атырауда егіз балалар терезеден құлап кетті

763

Дәрігерлер олардың біреуін аман алып қалды.

Атырауда егіз балалар терезеден құлап кетті

Атырауда егіз балалар үшінші қабаттан құлап кетті. Олардың біреуі ауруханада, екіншісін құтқару мүмкін болмаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйек күні  қаладағы "Береке" шағын ауданында болған. Көп қабатты үйдің үшінші қабатынан 2020 жылы туған екі сәби құлап кеткен.

"Оқиға кезінде екі баланың анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, аман қалған сәбидің жағдайы оңалып келеді екен.

Өкінішке қарай, тиісті органдар пластик терезеге, әсіресе, оған орнатылған москитті торларға сенбеу керектігін ескертсе де, оған құлақ аспайтындар баршылық. Москит торлары ұсақ жәндіктердің ішке кірмеуіне ғана арналған, қандай да бір салмақты ұстап қалуға қауқарсыз. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу