Атырауда екі айда мейрамханалардан 70 келіден аса бекіре табылды

494

Сондай-ақ, тұрғын үйлерді тексеру кезінде 12 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленген.

Атырауда екі айда мейрамханалардан 70 келіден аса бекіре табылды Фото: google.com

Атырауда екі айда мейрамханалардан 73 келі бағалы бекіре тұқымдас балық табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті

Департаменттің мәліметінше, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өткізілген "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасына 21 қызметкер тартылған.

"Атырау облысында Исатай, Құрманғазы және Жылой ауданы Каспий теңізіне таяу орналасқан. Жайық-Каспий су айдындарында бағалы бекіре балығын заңсыз аулау, сақтау деректері азаймай отыр. Осыған байланысты департаменттің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ұдайы рейд өткізеді. Полиция қызметкерлері 1 сәуір-31 мамыр аралығында Каспий теңізінен заңсыз балық аулаушылар мінген 3 қайықты ұстады. Заң бұзушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобына тапсырылды. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді тексеру кезінде 12 келі бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Ал, мейрамханаларды тінту барысында 73 келі бекіре балығы табылды", -делінген хабарламада.

Полиция департаментінен "Бекіре" іс-шарасына 8 автокөлік, 7 су қайығы тартылған. Жайық өзенінің Атырау қаласы аумағындағы бөлігінде құқық бұзушылықты анықтау үшін 1 қайық бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу