Жуырда Атырау қаласының іргесіндегі екі бірдей ауылда спорт кешені іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды atpress.kz.
Оның бірі – Ақжар ауылындағы спорттық нысан. Мұнда Ақсай, Ақжар, Талғайраң, Бесікті және Жұлдыз-3 ауылдарының балалалары спорттың 8 түрімен айналысуға мүмкіндік алады. Жалпы, спорт кешені 350 жасөспірімге шақталған.
Ал Атырау ауылындағы спорт кешені спорттың 3 түріне бағытталған. Мұнда Дамбы, Жаңаталап, Атырау және Құрманғазы ауылдарынан келген 300 жасөспірімге бір мезгілде спортпен шұғылдануына жағдай жасалған.
Ең бастысы, шәкірттерді түрлі деңгейдегі спорт шеберлері және тәжірибелі бапкерлер жаттықтырады деп жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу