Атырауда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, мерт болды

820

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады. 

Атырауда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, мерт болды

Атырауда 32 және 22 жастағы екі көрші оқыс оқиғадан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қайғылы жағдай 18 маусымда қала іргесіндегі "Жұлдыз" шағын ауданында орын алған.

Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Қос көрші құдыққа түсіп, құбырды жөндеп жатқанда олардың үстіне жер опырылып түскен.  Екеуі де тірідей топырақтың астында қалған. Олардың денелері шығарылды. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу