Атырауда екі күнде мыңнан аса кәсіпкер электронды тіркелді

538

Ең алғашқы рұқсат актісін алған  – Елена Горбунова.

Атырауда екі күнде мыңнан аса кәсіпкер электронды тіркелді

Атырау облысында INFOKAZAKHSTAN.KZ порталы арқылы екі күннің ішінде мыңнан аса кәсіпкер өтінім беріпті. Ал республика бойынша қазіргі күні өтінім берушілер саны 17 мыңнан асқан.

Атырауда локдауннан кейінгі ең алғашқы өтінім иесі – "Елена Горбунованың студиясы" сұлулық салонының директоры Елена Горбунова. Айтуынша, ол рұқсат алу керектігі жайында жалға алып отырған ғимаратының иесінен естіп-біліпті. Әрі қарай нысанның қызметін бастауға дайын екендігі жөніндегі құжатты алу үшін Елена облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген.  

"Мен кәсіпкерлер палатасына сенбі күні хабарластым. Оның қызметкерлері мені арнайы сайтпен, менің бизнесіме қойылатын санитарлық талаптармен таныстырды. Бәрі қарапайым, оңай әрі тез екен, бекер жүрексініппін, санаулы минутта керек актіміз дайын болды", – дейді кәсіпкер. 

Ал аудандық жердегі кәсіпкерлер арасынан бастапқы лекте тіркелгендердің бірі – Мақат ауданы Доссор поселкесінің тұрғыны Татьяна Череватенко. Ол екі жылдан бері қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсетеді. INFOKAZAKHSTAN.KZ порталынан өтінім алу керектігі жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасынан аудан кәсіпкерлеріне арналған WhatsApp чаты арқылы білген. Айтуынша, аталған палатаның жергілікті филиалының басшысы жаңа жүйені егжей-тегжейлі түсіндіріп бергеннен кейін, бар-жоғы екі минутта тіркеліп үлгеріпті. 

Порталға тіркелген кәсіпкерлер одан кейін ережеге сәйкес, электронды рұқсат құжаттарын басып шығарып, бизнес нысандарының ішіне іліп қойған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу