Атырауда екі құрылысшы бесінші қабаттан құлап мерт болды

967

Атырауда екі құрылысшы көп қабатты үйден құлап көз жұмды. Олардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырауда екі құрылысшы бесінші қабаттан құлап мерт болды

Белгілі болғандай, қайтыс болған азаматтар бесінші қабаттың төбесін жауып жатқан. Бригадирі бірнеше мәрте ескерту жасағанына қарамастан олар қауіпсіздік белдігін тақпаған. 

"Атырау қаласының "СМП-163" шағын ауданында орналасқан 7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 21 ақпан күні 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы 25-те, екіншісі 36-да. Екеуі де оқиға орнында мерт болды", – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу