Атырауда екі мыңнан астам борышкерге шетке шығуға тыйым салынды

870

Атырауда екі мыңнан астам борышкерге шетке шығуға тыйым салынды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Атырау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Асұлан Кәрімовтың айтуынша, облыста борышкерлердің қатарында әйел адамдар да кездеседі. Бүгінгі күні олардың саны алпыс жетіге жеткен. 

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша департаментке 28 мың азаматтық хал актілері тіркелді. Оның 4 891 неке қию туралы, 1 424 некені қайта бұзу туралы, үш жүзі аты жөнін, әкесінің атын өзгерту туралы", – дейді Асұлан Кәрімов. 

Брифинг барысында А.Кәрімов "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу" Заңының 9 бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге байланысты құжаттарды тапсыру алты ай мерзімге кешіктерілсе, жеке тұлғаларға он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын айтып өтті. Өткен жылы тіркеу мерзімін кешіктірген 914 жеке және 186 заңды тұлғаға барлығы он жетті миллион теңгеден астам айыппұл салынған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу