Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Төтеншеліктерге 2023 жылғы 24 мамырда 11:06 сағатта Атырау қаласы, М.Баймұханов к-сі №3 қалалық емхана маңында автокөлік өрті туралы шақырту түскен.
"Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеткен кезде түрлі сақтандыру компанияларына қарасты "Toyota Hiace" және "Nissan Serena" автокөліктерінің жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан қасында орналасқан жалпы ауданы 9 шаршы метр болатын дүңгіршіктің бір жақ өртенгені анықталды", – деп хабарлады ТЖД.
Өрт сағат 11:27 оқшауланып, сағат 11:31-де толықтай сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.
"Жыл басынан бері 113 өрт оқиғасы тіркелді. Соның ішінде автокөлікте - 30 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.
Көліктің кез-келген түріндегі өрт күтпеген жерден тұтануы болуы мүмкін және қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Құрметті автокөлік иелері, автокөлігіңізде өрт сөндіргіш құралдың міндетті түрде болуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз", – деп хабарлады ТЖД.