Атырауда екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады

597

Қазір бүлдіршін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр. 

Атырауда екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады Фото: freepik

Атырау облысында екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы "Боташым" балабақшасында болды. Қазір бүлдіршін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сафон ауылындағы балабақшада жарақат алған бүлдіршіннің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар бейнекамералардағы жазбалар тексеріліп жатыр. Балабақша қызметкерлері мен барлық куәгерлерден қажетті мәліметтер алынып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу