Атырауда ел аумағынан өз еркімен шығудан жалтарған шетелдікке айыппұл салынды

529

​Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Армения Республикасынан келген әйел еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда ел аумағынан өз еркімен шығудан жалтарған шетелдікке айыппұл салынды Фото: tengrinews.kz

Шетелдік әйел 2019 жылғы қарашада ел аумағына өтіп, Атырау қаласына келген. Алайда, көші-қон заңдылығында белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден шығып кетуден жалтарған.

"Еліміздің көші-қон туралы заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматшасы М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот отырысында М. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 86 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу