Атырауда ел естімеген әрекетке барған әке 6 жылға сотталды

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен айып тағылған.

Атырауда ел естімеген әрекетке барған әке 6 жылға сотталды Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бұл – кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізу бабы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық № 2 сотының мәліметінше, ер адам баласының суицид жасауға оқталуына себепкер болған. Кінәліні 6 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. 

– 2023 жылдың қараша айында сотталушы өзінің кәмелетке толмаған баласына қатыгездік көрсетіп, оны өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізген. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куә мен іс бойынша куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелін тапты, – делінген сот таратқан ақпаратта. 

Сотталушының өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрағаны белгілі болды. Бірақ, оның жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. 

– Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодесінің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді № 2 Атырау қалалық соты. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу