"Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 12:34-те Атырау қаласының "Алмагүл" шағын ауданындағы №7 емхананың ғимаратында түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер емхананың 3-қабатындағы терапия бөлімі меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғанын анықтады.
Емхана ғимаратынан 45 адам, оның 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан", – деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметі.
Жалын сағат 12:45-те ауыздықталып, сағат 12:49-да толық жойылды. Өртті сөндіруге департаменттің 20 қызметкері мен 6 техникасы, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.