Атырауда ең ескі "Мұнайшы" стадионын қайта құру басталады

421

Стадион 1950 жылы салынған, ал оны қайта құру соңғы рет 4 жыл бұрын жүргізілген.  

Атырауда ең ескі "Мұнайшы" стадионын қайта құру басталады Фото: westside.kz

Бұл нысанды күрделі жөндеумен толық ауқымды қайта құру 1999 жылы мұнайдың жүз жылдық мерейтойына дайындық кезінде жүргізілді. Содан кейін қайта құру тағы екі рет жасалды: 2008 жылы, "Мұнайшы" кешені жанындағы жүзу бассейні іске қосылған кезде және 2019 жылы. Стадионды 2024 жылы жаңадан жөндеу жұмыстары күтіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соңғы рет "Мұнайшы" стадионы қайта жаңартуға жабылды, себебі ол қазақстандық футбол федерациясының сертификатынан өте алмады, негізінен алаңның сапасыздығына байланысты болды. Қайта құру жұмыстары кезінде алаң тегістеліп, жасанды көгалдармен жабылды.

Осы және басқа да жоспарланған жұмыстар облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында талқыланды. Атырау облысында ағымдағы жылы 10 спорт нысаны пайдалануға берілді және тағы 12 нысанды аяқтау жоспарлануда.

"Өткен жылы 36 нысан, ал биыл 10 нысан пайдалануға берілді: бір спорт кешені, 2 спорт залы, 7 спорт алаңы. Облыс орталығында және Жалыой ме Мақат аудандарында спорт объектілерімен қамтамасыз ету тиісті деңгейде. Индер ауданы – орта деңгейде, қалған аудандар – төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Бұл жағдайды жақсарту үшін 2023-2027 жылдары тағы 26 спорт кешенін салу жоспарлануда. Облыста 1000-нан астам тұрғыны бар 68 ауылдық округ бар. Оның 28-і спорт кешендерімен қамтамасыз етілген, тағы 23 пунктте тек жоспар бар. Қалған 17 округте әлі әзірлемелер жоқ. Олардың көпшілігі Құрманғазы және Махамбет аудандарында", - деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов.

Биыл облыста сегіз спорт нысанын, ал 2024 жылы тағы 12 нысанды салу жоспарлануда, алайда олардың кейбірін уақтылы пайдалануға беру мәселесі туындап отыр, өйткені олардың құрылысы объективті себептермен тоқтатылды.

"Мәселен, 2021 жылғы сәуірде Экономикалық тергеу департаментінің қылмыстық іс қозғауына және сот талқылауларын жүргізуге байланысты 3 спорт залының құрылысы тоқтатылды. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында спорт кешені құрылысының мердігерімен жасалған шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Құрылысты аяқтауға жаңа тендер жарияланды, оның жеңімпазы 2 қарашада белгілі болады. Бұдан басқа, Индер ауданы Көктоғай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің мердігеріне қатысты экономикалық сотқа талап арыз жолданды. Оның атқарған жұмыстары жобаға сәйкес келмеді, сонымен қатар ол мерзімінен шығып кетті", - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Осы жиналысты өткізген облыс әкімі Серік Шапкенов жетекшілік ететін орынбасарлар Марат Мурзиев пен Қайрат Нұртаевқа келісімшарттар бұзылғанға дейін проблемалық мердігерлермен іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу