Атырауда эпидахуал жақсаруы мүмкін

797

Соған орай, денсаулық саласында бірқатар шара қолға алынуда.

Атырауда эпидахуал жақсаруы мүмкін

Атырауда 243 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырып алған төрт медицина қызметкері көз жұмды. Әзірге өңірде марқұм болған медицина қызметкерлері отбасына эпидемиологиялық тексеріс жүріп жатқандықтан өтемақы төленген жоқ. Ол Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген қорытындысынан соң төленбек. 

"Аталған эпидемиологиялық тексеріс қорытындысы арнайы комиссияның қарауына беріледі. Комиссия  құрамында  облыс  әкімінің  орынбасары, тиісті басқарма басшылары, қоғамның белсенді өкілдері бар.

Жұмыста жүріп инфекция жұқтырып алған медицина қызметкеріне екі миллион теңге өтемақы төленеді. Ал, жұмыс барысында жұқтырған індет салдарынан көз жұмған медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңге өтемақы беріледі. Бұл қаржы республикалық бюджеттен бөлініп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы төленеді", – деп түсіндіреді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бұдан бөлек, мұнайлы өңірдің денсаулық сақтау саласында карантин режимінің жеңілдету мүмкіндігіне байланысты бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, карантиндік орындар жабылып, провизорлық, инфекциялық станционарлар ғана қалдырылмақ. Сондай-ақ, негізгі салмақ емханалардағы мобильді топтарға артылуы ықтимал. 

Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта 77-ге дейін өскен, алдағы уақытта тағы бірнешеуі құрылмақ. Тағы бір өзгеріс, тамыз айының басында Атырау ауруханалары жоспарлы емдеу кезегімен науқастарды қабылдай бастайды.

"Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі қатерлі ісік, қант диабеті, қан қысымы, жүрек аурулары сынды жоспарлы ем қабылдауы тиіс науқастар ауруханаларда жатып ем алатын болады. Бұған дейін олар емханаларға онлайн түрде жазылып, дәрігер бақылауында тұрған болатын", –дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу