Атырау қаласында 62 жастағы әйелді туысы өлтірген. Полиция бұл деректі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталатын болады.
Жергілікті басылымның жазуынша, ресми емес ақпарат бойынша әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу