Атырауда ер адам айы-күні жетіп отырған әйелін соққыға жыққан

1208

Жыл басынан бері 1770 отбасылық шағым тіркелген.

Атырауда ер адам айы-күні жетіп отырған әйелін соққыға жыққан

Атырау қалалық полиция басқармасына қоңырау шалған әйел адам жолдасының ішіп келіп, жанжал шығарып, соққыға жыққанын мәлімдеген еді. Келіншек жүктіліктің 8 айында екен. Күйеуі соған қарамастан оны ұрып-соғуын жалғастыра берген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 1988 жылғы ер азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзу бабы  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.  

Өкінішке қарай, қазіргі күні тұрмыстық заң бұзушылық өзекті мәселелердің қатарында. Осы мақсатта қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінде әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобы құрылған. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері тұрғындардан қала-аудан учаскелік инспекторларына 11532 арыз-шағым келіп түссе, оның 1770-і отбасылық қарым-қатынасқа байланысты. Тұрмыстық шағымдарға байланысты 746 тұлға жауапкершілікке тартылған. Әрі қарай таратсақ, 414 рет құқыққа қарсы әрекет жасалған, 81 рет денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген, 129 рет абьюзер отбасы мүшелерін ұрып-соққан, сот арқылы 240 адамның мінез-құлқына ерекше талап қойылып, 848 адамға қатысты олардың ешкімге жақындамауы, тиіспеуі, басқа да шектеу әрекеттері бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу