Атырауда ер адамды соққыға жығып кеткен

313

Видеода жігіттің бірі жерде жатқан ер адамды тепкені түсірілген.

Атырауда ер адамды соққыға жығып кеткен Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Атырау қаласындағы "Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданында ер адамды белгісіз біреулер соққыға жақты. Аталған жағдай әлеуметтік желеде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Жергілікті полиция қызметкерлері күш көрсетушілерге қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке қатысты құқық бұзушылардың ұсталғанын мәлім етті. 

– Қазір қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. 

– 5 сәуірде түнгі сағат 02:58-де Атырау қаласының С.Сауырғалиев көшесіндегі тұрғын үйдің алдында болған оқиға бойынша жедел жәрдем қызметіне шақырту түсті. Оқиға орнына барған жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері 1984 жылғы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде науқастың жалпы жағдайы – орташа тұрақты, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу