Полиция мәліметінше, өткен аптада Атырау қаласында масаң күйде көлік жүргізудің 8 дерегі тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері Нұрсая ықшам ауданында Toyota Hilux көлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру нәтижесінде 28 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны расталды.
Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Бұдан бөлек, көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған тағы екі азамат анықталды. Оларға қатысты да заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Үш автокөлік арнайы тұраққа қойылып, іс материалдары мамандандырылған сотқа жолданды.
Полиция жүргізушілерді масаң күйде көлік басқармауға шақырады. Мұндай жауапсыздық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.