Ал, қабырғаға салған жазбалары есірткі сайттарының атаулары екендігі дәлелденді. Және де жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше ауданында да жазғандығы олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған жасөспірімдердің қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал, түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.