2023 жылғы қыркүйек айында үш қала тұрғыны есірткі затын заңсыз тасымалдамақ болған 2001 жылы туған азаматты байқап, полиция қызметкерлеріне хабар берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері уақытылы жетіп, тінту кезінде 23 жастағы күдіктіден салмағы 13,66 грамм ірі мөлшердегі психотроптық зат пен 0,94 грамм болатын мефедрон есірткісін тәркілеген.
Қазіргі таңда 23 жастағы Атырау тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу