Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан Нигерия азаматы ұсталды

589

Күдікті уақытша устау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан Нигерия азаматы ұсталды

Атырауда Нигерия Федералдық Республикасының азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz .

"Аталған 1998 ж.т. ер адамды Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе жүргізген "Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтап, ұстаған. Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын таспаға оралған 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 5 гр "мефедрон" синтетикалық есірткісі екендігі анықталды", – деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласында уақытша устау изоляторына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу