Атырауда есірткіге қатысты 37 қылмыстық іс қозғалды

740

Оның 33-і есірткі сатумен байланысты.

Атырауда есірткіге қатысты 37 қылмыстық іс қозғалды

Атырау полицейлері бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау, беру ережелерін  бұзып, заңсыз айналымға кету фактілерін анықтап, жолын кесу мақсатында "Дәрмек" алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында есірткі психотроптық препараттарды сақтайтын нысандардың техникалық нығайтылу талаптарының сақталуы да назардан тыс қалмады. 

Үш күнге созылған жедел шара барысында  есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты бес дерек анықталды. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Мақат ауданының тұрғынынан есірткі затын тәркіледі. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 296-бабы  бойынша жүргізілуде. 

Сондай-ақ, фармацевтикалық, медициналық 12 мекеме, яғни құрамында есірткі және психотроптық заттар болатын препараттар бар дәріхана, қойма, мекеме-кәсіпорындар тексерілді. Олардың арасында екі нысан бойынша нығайтылу талаптарының бұзылуы анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘК 427-бабы бойынша хаттамалар рәсімделді.

Дәрігер берген рецепт бойынша жіберілетін препаратты сатып жүрген Атырау қаласының тұрғыны анықталып, тексеру барысында 152 таблетка тәркіленді. Қала тұрғынына қатысты жинақталған құжаттар тиісті жауапкершілікке тарту үшін Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Жыл басынан бері Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлері заңсыз айналымнан он келіден астам түрлі есірткі заттарын, соның ішінде, "синтетикалық" есірткілерді тәркіледі. Есірткіге қатысты түрлі құқықбұзушылықтар бойынша 37 қылмыстық іс қозғалса, мұның 33-і есірткі сатумен байланысты.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу