Бүгінде оларға салынған айыппұл көлемі 5 миллион теңгеден асқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңдылықты бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.
– Жедел-профилактикалық іс-шара аясында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 2099 автокөлік, ет өнімдерін сататын 650 орын, 642 шаруа қожалығы тексерілді. Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтар мен ұжымдық шаруа қожалықтарында тұрғындарға азаматтық, қызметтік қару мен оқ-дәрілерін сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабымен 32 әкімшілік хаттама толтырылды. Мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдауға қатысты 111, ал мал мен ет өнімдерін құжатсыз сатуға байланысты 23 дерек анықталды. Заң талабын бұзған 134 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлады департамент мамандары.
Аталған іс-шара барысында төрт түлікті иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 352 дерегі жария болған.