Танымал қазақстандық қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сағатына алғашқы күні 200-дей атыраулық шебер қатысты деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ұлттық стильде құрақ тігуден тегін шеберлік сағаттарының циклы "Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері" алғашқы Халықаралық форумының аясында өтуде. Дизайнер Ырза Тұрсынзаданың айтуынша тегін шеберлік сағаттарының мақсаты – тігу технологиясын үйрету және ежелгі ұлттық қолөнерді жандандыру.
"Атырау облысында семинарлар екінші рет өтуде, алғаш рет біз өткен жылы ұйымдастырғанбыз, бүгінгі күнмен салыстыра отырып, мені шеберлік сағаттарынан алғаш өткен қыз-келіншектердің көне қолөнерімізді өркендетіп, өз ісін ашқаны қуантады. Біз ұлы ақындарды, ұлт батырларын тәрбиелеп, қоғамның дамуына ықпал еткен қазақ әйелдеріне тән қасиеттерді дамыту мақсатында бірлесе жұмыс жасаймыз", - деді Ырза Тұрсынзада.
Шеберлік сағаттарына қатысушылар тұрмыстық заттар мен киімдерді қалпына келтіруге үйренді. Шеберлік сағаттары барысында бірегей тігу техникасы көрсетілді.
"Маған қатты ұнады, енді мен үйде отырып ұлттық тұрмыстық заттарды өз қолыммен жасай аламын. Алған тәжірибем маған алға қарай да пайдаға асады, бұған өзімнің барлық бос уақытымды арнағым келеді" – деді үй шаруасындағы Гүлдана Дәулетбаева.
Этноқолөнерден шеберлік сағаттары Атырау облыстық Тарихи өлкетану мұражайында 15 және 16 наурызда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жалғасатынын айта кетейік.