Атырауда фермердің өліміне күдікті екінші адам ұсталды

1348

Қылмысты ұйымдасқан топ жасаған болуы мүмкін.

Атырауда фермердің өліміне күдікті екінші адам ұсталды

Атырау облысы Жылыой ауданында 6 қыркүйек күні "LTM" маркалы мотоциклімен жылқыларын іздеп кеткеннен қайтып оралмаған фермер Нұралы Нұртілеуовтің денесі табылған болатын. Оны өлтіріп, аудан орталығы Құлсары қаласынан жүз шақырымдай жердегі Қырықмылтық кен алаңына 15-20 метр тереңдіктегі құдыққа көміп кеткен болып шықты. Іле-шала қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотты болған 38 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталған. Тексеру барысында одан 16-калибрлі атыс қаруы табылып,тәркіленді. Қазіргі күні 1967 жылы туған тағы бір  күдікті   анықталып, қамауға алынды. Белгілі болғандай, марқұм ұйымдасқан қылмыстық топтың қолынан ажал құшқан.

Айта кетейік, өңірде 47 жастағы "Боздақ" шаруа қожалығының иесі Нұралы Нұртілеуовтің аяқ астынан жоқ болып кетуі және бірнеше күн бойына табылмауы оның туыстары тарапынан наразылық тудырған. Жоғалған кісіні іздеуге құрылымдық күштермен қатар, еріктілер, иісшіл иттер, тіпті, арнайы тікұшақ тартылғанмен, оның мотоциклі мен жеке бұйымдары ғана табылған еді. Ал 12 қыркүйекте елу шақты адам Құлсары қаласында аудан әкімшілігінің алдына жиналып,  құзырлы органдардың жоғаған фермерді іздеуге жеткілікті жұмыстанбай отырғанына шағымданған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу