Атырауда "Гаухартас" тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жиырмадан астам тұрғын уақытша туыстарына орналастырылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Атырау қаласы Сарықамыс ықшам ауданында екі қатарлы "Гаухартас" тұрғын үй кешенінде өрт болды.
"Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде үйде ауданы 1275 шаршы метр болатын төбе жабындысы мен екінші қатар ашық отпен өртеніп жатты. Өрт 00 сағат 43 минутта оқшауланып, 00 сағат 57 минутта толықтай жойылды", - деп хабарлайды облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Төтенше жағдайлар қызметі үйден шыққан кезде және түнгі уақытта электр құралдарын тоқ көзінен ажыратып жүруге кеңес беруде. Абырой болғанда, ешқандай адам шығыны болған жоқ. Ал қауіпсіз жерге шығарылған үйдің 21 тұрғыны, оның ішінде, 10 бала қазіргі күні туыстарының үшін паналай тұрмақ.
Құралай Қуатова