Атырауда газ бағасы түсті

1391

Енді тұтынушылар бұрынғыдан аз төлейді.  

Атырауда газ бағасы түсті

Атырау облысында газ бағасы 39 пайызға төмендеді. Бұл қазіргі таңда республика бойынша ең төменгі көрсеткіш, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлағандай, оған "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау өңірлік филиалының таратушы құбырлары арқылы газ тасымалдау қызметінің 2022-2027 жылдарға арналған тарифін мың текше метріне 1 133,39 теңгеге дейін төмендету арқылы қол жеткізілген. Бұған қоса, ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті аталған монополист мекеменің жабдықтау үстемеақысын 43 пайызға түсірген. Төмендетілген бағалар 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енді.

Осылайша, атыраулық тұтынушылар газдың бір текше метрі үшін бұрынғыдай 7,7 теңге емес, 4,7 теңге төлемек. Айта кетейік, елімізде биылғы шілде айына дейін коммуналдық тарифтердің бағасының өсуіне мораторий жарияланған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу