Атырауда Германияның құрметті консулы көз жұмды

706

 Атырауда Германияның құрметті консулы көз жұмды

Германияның құрметті консулы Питер Кригер Атырауда өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"54 жастағы Питер Кригердің денесі өзі жалдап жатқан пәтерден табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өлімінің себебі анықталатын болады", - деп хабарлайды өңірдің ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратына сәйкес, алдын ала тексеру бойынша көз жұмған консулдың денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Питер Кригер соңғы уақытта Атырауда жұмыс істеп, сонда тұрған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу