Грузияда сырттай сотталған қылмыскер Атырауда ұсталды

519

35 жастағы грузиялық азамат 2012 жылдың желтоқсанынан бері іздеуде жүрген.

Грузияда сырттай сотталған қылмыскер Атырауда ұсталды

Атырау полицейлері 3 қараша күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Грузия елінің 35 жастағы азаматын ұстады. Оған алаяқтық қылмысы үшін 2012 жылдың желтоқсанынан бері өз елінде іздеу жарияланған екен. 2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Грузиялық қорғау органдарынан сегіз жыл бойы ізін жасырған азамат қазіргі уақытта Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шетелдік азаматты экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу