2021 жылдың 1-5 қаңтар аралығында Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кеткені жөнінде жеті хабарлама түскен.
Мысалы, 4 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында 10 жастағы жасөспірім анасымен сөзге келіп, үйінен шығып кетіп,көршісінің үйінен табылды.
Ал, 4 қаңтар 23:00 шамасында 14 жастағы жасөспірім анасымен ренжісіп үйінен шығып, көпірге қарай бағыт алған. Жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, отбасына жеткізді. Аталған жеткіншектердің ата-аналарына қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.
Айта кетейік, көп жағдайда жасөспірімдер үйінің алдынан шығып кетіп, өзінің аумағынан алшақтап кетіп адасып қалса, кейбірі ата-аналарымен сөзге келіп, тұрғылықты мекен-жайынан шығып кетеді. Жеткіншектердің барлығы полиция қызметкерлерінің іздеуінің нәтижесінде 2-3 сағат аралығында табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды.