Атырауда иегова куәгерлерінің іс-әрекетінен қауіптенген тұрғындар наразылық білдірді. Өйткені заты болғанымен, сырттай қарағанда, аты жоқ мекеменің қызметкерлері таң атып, кеш батса діни әндер айтып, мазаларын алатын көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.
Оған қоса балаларды басқа дінге бет бұрғыза ма деген қауіптері бар. Ал діни бірлестіктегілер әрекетіміздің бәрі заңды деп отыр.
Иегова куәгерлерінің бұл сөзін дін істері басқармасындағылар да растап отыр. Атырау облысында 2009 жылы тіркелген ұйымның қазір 60-қа жуық мүшесі бар көрінеді.
Тұрғындардың үрейін ұшырып жүрген ғимарат елеусіз бір қуысқа орналасқан. Өзінің атауы да жоқ. Жұрттың айтуынша, жұмбақ ғимаратта аптаның белгілі бір күндері адам көбейіп, діни әуендер орындалады екен.